|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Жаңалықтар мұрағаты
Қазақстан мен Грекия жаңа экономикалық жобаларды қолға алмақ
Грекия мен Болгария Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты кеңейтуге ықылас танытуда
02 | 06 | 2007 Олар келешекте энергетика, кеме қатынасы, құрылыс сияқты салалар бойынша әріптестік орнатып, біріккен кәсіпорындар құруды көздеп отыр. Қазақстан мен Грекия арасындағы қазіргі экономикалық қарым-қатынас саудаға негізделген. Екіжақты тауар айналымы былтыр 550 миллион еуроға жетті. Оның 95 пайызы – қазақстандық экспорт есебінен. Енді Грекия тауар айналымындағы өз үлесін ұлғайтпақ.
Теодорос Скилакикис, Греция СІМ халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі бас хатшысы:
- Грекия компаниялары әлемнің көптеген елдеріне инвестиция құюда. Енді үлкен мүмкіндіктері бар Қазақстан экономикасына да инвестиция салуға дайын. Бізде кеме жасау саласы жақсы дамыған, экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға болатын, бұдан басқа салалар да баршылық.
Константинос Филис, Ресей және ТМД елдері мәселелері бойынша стратегиялық зерттеулер орталығының директоры:
- Бургас – Александруполис құбыр желісінің құрлысына қазір ерекше мән беріліп отыр. Грекия осы мұнай құбыры Ресейдің ғана емес, Қазақстанның да мұнайымен толарына риза болып отыр. Бұл құрылыс келешек стратегиялық қатынастар үшін өте маңызды.
Болгария жаңа құбыр желісінің құрылысы тек Грекия үшін ғана емес, бүкіл Еуропаға маңызды екенін растап отыр. Қазір Болгария мен Қазақстан арасындағы сауда қатынастарының басым бөлігін шикі мұнай саудасы алып тұр. Бұдан былай екі ел экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға көшпек.
Николай Ников, София университетінің бас ассистенті:
- Кезінде біздің елдер қорғаныс өндірісі бойынша жақсы қарым-қатынаста болды. Мен өзім де сол байланысты орнатуға атсалыстым. Енді соны жаңғыртатын кез келді. Жақын арада Болгария мен Қазақстан арасында бірлескен жобалардың жасаларына сенімдімін.
Ортақ мүмкіндіктерді қарастырып, бірлескен жобаларды әзірлеу мәселелері жуық арада Қазақстан мен грекиялық және болгариялық іскер топ өкілдерінің қатысуымен өтетін бизнес-форумда талқыланады.
Негізі: http://www.khabar.kz
|
|
|
|