|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Қаржыландыру орталықтары
Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.
Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
|
|
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз : |
|
|
Франчайзинг
Конверсиялық (ауыспалы) франчайзинг Термин төменде келтірілген екі мағынада қолданылады:
- Өте жылдам қарқынмен дамып келе жатқан өзара байланысты кәсіпорындардың артықшылықтарын пайдалануды ұсынатын аймақтық немесе ұлттық компанияның «қол шатыры» астына кіретін тәуелсіз кәсіпорындар. Ол алғаш риэлторлық қызмет нарығында пайда болып, экономиканың басқа салаларынада тарап кетті, негізінен қызмет саласына. Сонымен қатар, «қосалқы франчайзинг» деп те танымал. Көбінесе шағын компанияларды біріктіре отырып, айтарлықтай біршама кең желі құру үшін пайдаланылады.
- Ірі Франчайзер басқа бір желінің барлығын немесе оның бір бөлігін сатып алып, оның элементтерін өзінікіне сәйкес болуы үшін өзгерте бастауы, мәселенки, сыртқы кейпін, менюді, униформаны, бұл бір дегенде бірнеше орындарды қосу арқылы желіні жылдам кеңейтуге мүмкіндік береді. Конверсиялық Франчайзингтың мұндай варианты жуық уақыттан бері біршама кең қолданыс табуда, әсіресе, қоғамдық тамақтану саласында қызмет атқаратын компаниялар арасында. Сатып алушы өзі сатып алған желіні қолда бар құрылымынан бөлек басқару мүмкіндігін іздей бастаған кезде құқықтық қиындықтар туындауы мүмкін. Кейбір орындар бұл сатып алынған желіні өздерінің бәсекелесі ретінде қарастыруы мүмкін.
Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес.
Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.
|
|
|
|