|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Қаржыландыру орталықтары
Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.
Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
|
|
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз : |
|
|
Ипотекалық несиелер
Жылжымайтын мүлiк сатып алуға кiрiс дәлелдемесiнсiз несие
Артықшылықтары
Кіріс деңгейін растау талап етiлмейдi.
Қосымша шарттар
Негiзгi қарыз сомасын мерзiмiнен бұрын өтеу, несие алған мерзiмнен 6 ай өткеннен кейiн ғана рұқсат етiледi.
Керектi құжаттардың ең аз тiзбесi
- заемшының және барлық кәмелетке толған жанұя мүшелерінің жеке куәліктері (паспорттары);
- отбасы жағдайын растайтын құжаттар (неке куәлігі, неке бұзылу, балалардың туылу куәлігі);
- СТТН иеленгені туралы куәлік;
- тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы анықтама (мекен-жай үстелі, ПИК);
Несиелендiру шарттары:
Несиелендiру мерзімі: 12 – 240 ай.
Бастапқы төлем: 30%-дан бастап жоғары
Мезгілінен бұрын өтеуге мораторий: 6 ай
Пайыздық ставка: жылдық 16,8
Несие сомасы - шектелмеген
Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес.
Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.
|
|
|
|