|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Қаржыландыру орталықтары
Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.
Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
|
|
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз : |
|
|
Ипотекалық несиелер
Жылжымайтын мүлiк сатып алуға бюджет қызметшiлерiне несие Егер Сiздiң жанұяңыздың бiр мүшесi бюджет саласының жұмысшысы болса, Сiз осы топтаманы пайдалана аласыз, несилендiру мерзiмi 1 жылдан 20 жылға дейiн және бастапқы төлемi тұрғын үй құнының 10%-нан кем емес.
Қосымша мүмкіндіктер
Мезгілінен бұрын өтеуге мораторий мерзiмi – валюта-көрсеткiштiк қарыздар бойынша 12 ай және Қазақстан Ипотекалық Компаниясы бағдарламасымен берiлген несиелер бойынша – 6 ай.
Қосымша шарттар
Жұмыс стажы бюджеттік салада 18 айдан кем емес.
Керекті құжаттардың ең аз тізбесi
- заемшының және барлық кәмелетке толған жанұя мүшелерінің жеке куәліктері (паспорттары);
- СТТН иеленгені туралы куәлік;
- отбасы жағдайын растайтын құжаттар (неке куәлігі, неке бұзылу, балалардың туылу куәлігі);
- неке келісім –шарты (бар болса);
- тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы анықтама (мекен-жай үстелі, ПИК);
- заемшының еңбек кітапшасы мен еңбек келісім-шарты;
- жұмыс орнынан кіріс көлемін растайтын анықтама;
- Қосымша кірістерді растайтын анықтама;
- Зейнетақы Қорындағы шотынан жазба.
Несиелендiру шарттары
Несиелендiру мерзімі: 12 –240 ай
Бастапқы төлем: 10%-дан бастап жоҚары
Мезгілінен бұрын өтеуге мораторий: 12 ай
Пайыздық ставка («ҚИК» АҚ бағдарламасы бойынша өзгермелі), жылдық: 12,0 – 12,5
Пайыздық ставка (бекiтiлген), жылдық: 12,0 – 12,9
Несие сомасы: 6 000 000 теңгеге дейiн
Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес.
Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.
|
|
|
|