|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Қаржыландыру орталықтары
Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.
Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
|
|
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз : |
|
|
Ипотекалық несиелер
Жылжымайтын мүлiк сатып алуға жеке кәсiпкерлерге несие
Бұл өнiм жеке кәсiпкерлерге бағдарланған, несиелендiру мерзiмi 1 жылдан 20 жылға дейiн, пәтер мен жеке үй сатып алуы үшін, бастапқы төлемi тұрғын-үй құнының 30%-нан кем емес, қозғалмайтын мүлікті жөндеуге бастапқы төлем жоқ.
Қосымша шарттар
Мезгілінен бұрын өтеуге мораторийдің мерзімі – валюталық-көрсеткiштiк қарыздар бойынша 6 ай.
Қосымша шарттар
Пәтер мен жеке үйлерді иемденуге, және де жылжымайтын мүлікті жөндеуге (пәтерлер мен үйлердi)
Керекті құжаттардың ең аз тізбесi
- заемшының және барлық кәмілетке толған жанұя мүшелерінің жеке куәліктері (паспорттары);
- СТТН иеленгені туралы куәлік;
- отбасы жағдайын растайтын құжаттар (неке куәлігі, неке бұзылу, балалардың туылу куәлігі);
- неке келісім –шарты (бар болса);
- жұмыс орнынан кіріс көлемін растайтын анықтама;
- Қосымша кіріс көзін растайтын анықтама.
Несиелендiру шарттары
Несиелендiру мерзімі: 12 – 240 ай
Бастапқы төлем: 30%-дан бастап жоғары
Мезгілінен бұрын өтеуге мораторий: 6 ай
Жылдық ставка: пәтерге – жылына 12,5-13,9, үйге – жылына 15-16,7
Жылдық ставка: пәтер жөндеуге – жылына 14,4, үй жөндеуге – жылына 17
Несие сомасы: 6 000 000 теңгеге дейiн және одан да жоғары
Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес.
Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.
|
|
|
|