|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Қаржыландыру орталықтары
Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.
Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
|
|
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз : |
|
|
Ипотекалық несиелер
Жеке үй сатып алуға арналған несие
Жеке үй немесе коттедж сатып алу кезінде, Сіз осы топтама бойынша, 20 жылға дейiнгi мерзіммен, бастапқы төлемi 30% мөлшерiнде болатын, несие ала аласыз.
Қосымша мүмкіндіктер
Кіріс көлемін растау талап етiлмейдi
Қосымша шарттар
Несие сомасы шектелмеген.
Керекті құжаттардың ең аз тізбесi
- заемшының және кәмелетке толған барлық жанұя мүшелерінің жеке куәліктері (паспорттары);
- отбасы жағдайын растайтын құжаттар (неке куәлігі, ажырасу, балалардың туылу куәлігі);
- СТТН иеленгені туралы куәлік;
- неке келісім – шарты (бар болса);
- тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы анықтама (мекен-жай үстелі, ПИК);
- кіріс көзін растайтын анықтама;
- заемшының еңбек кітапшасы мен еңбек келісім-шарты;
- жұмыс орнынан кіріс көлемін растайтын анықтама;
- Қосымша кіріс көзін растайтын анықтама.
Несиелендiру шарттары:
Несиелендiру мерзімі: 12 – 240 ай
Бастапқы төлем: 30%-дан бастап жоғары
Мезгілінен бұрын өтеуге мораторий: 6 ай
Пайыздық ставка («ҚИК» АҚ бағдарламасына сәйкес өзгермелi), жылдық: 14,0 – 15,0
Пайыздық ставка (бекiтiлген), жылдық: 16 – 16,7
Несие сомасы - шектелмеген
Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес.
Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.
|
|
|
|