|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Қаржыландыру орталықтары
Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.
Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
|
|
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз : |
|
|
Ипотекалық несиелер
Жылжымайтын мүлікті жөндеуге арналған несие
Қосымша мүмкiндiктер
Пәтер немесе үй жөндеу үшiн қаржыландыруды алу
Қосымша талаптар
Бастапқы төлем талап етiлмейдi
Кепілдікке - заемшының иелiгiндегi тұрғын үй
Кірістерді ресми растау
Керекті құжаттардың ең аз тізбесi
- заемшының және кәмелетке толған барлық жанұя мүшелерінің жеке куәліктері (паспорттары);
- отбасы жағдайын растайтын құжаттар (неке куәлігі, ажырасу, балалардың туылу куәлігі);
- СТТН иеленгені туралы куәлік;
- неке келісім –шарты (бар болса);
- тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы анықтама (мекен-жай үстелі, ПИК);
- жұмыс орнынан кіріс көлемін растайтын анықтама;
- заемшының еңбек кітапшасы мен еңбек келісім-шарты;
- қосымша кірістерді растайтын анықтама;
- жоба-қаржылық құжатнама;
- Қамқорлыққа алу мекемелерiнiң рұқсаты қажет болған жағдайда.
Несиелендiру шарттары
Несиелендiру мерзімі: 12 – 24 ай
Бастапқы төлем: 0%-дан бастап жоғары
Мезгілінен бұрын өтеуге мораторий: 6 ай
Пайыздық ставка (АО “ҚИК” бағдарламасы бойынша өзгермелі) жылдық:
- пәтер жөндеуге – жылдық 13,4
- үй жөндеуге – жылдық 15,0
Пайыздық ставка (бекiтiлген), жылдық:
- пәтер жөндеуге – жылдық 13,9
- үй жөндеуге – жылдық 17,5
Несие сомасы – шектелмеген
Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес.
Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.
|
|
|
|