|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Қаржыландыру орталықтары
Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.
Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
|
|
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз : |
|
|
Ипотекалық несиелер
Жер сатып алуға заңды тұлаларға несие
Қосымша шарттар
Иемденетін жер учаскесіне құқықтанатын құжаттарын алдын ала ұсыну міндетті.
Керекті құжаттардың ең аз тізімі
- Арыз - сауалнама
- Ұйымдастырушылық құжаттар: Ұйымдастырушылық келісім шарт, Жарғы, Статистикалық карточка, Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік
- Ұйымдастырушылар жиналысының хаттамасы
- Бухгалтерлік есеп берушілік
- Ссудалық қарыздың бары/жоқтығы жөнінде анықтама
- Салық инспекциясынан салыстыру акті
- 12 айдағы кассалық айналым
- Бизнес жоспар
- сатып алатын не/немесе қосымша кепілдік ретінде ұсынылатын жылжымайтын мүліктің құқықтандыратын құжаттарының көшірмесі және жобалық-сметалық құжаттары мен өкілетті органдардың рұқсаты (егер несие, бар жылжымайтын мүлікті жөндеу үшін, алынса)
- Лицензия көшірмесі
- Жылжымайтын мүлікті сатушының (егер сатушы жеке тұлға болса) СТТН-ы, жеке куәлігі
- Ұйымдастырушы заңды тұлғаның №3-шi үлгiдегi анықтамасы, СТТН-ы, жеке куәлігі
Несиелендіру шарттары
Несие мерзімі: 12 – 84 ай
Бастапқы төлем 30%-дан жоғары
Мерзімінен бұрын өтеуге мораторий: 12 ай
Пайыздық ставка (тіркелген): жылдық 19 - 20
Несие сомасы: 10 000 000 теңгеге дейін
Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес.
Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.
|
|
|
|