|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Қаржыландыру орталықтары
Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.
Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
|
|
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз : |
|
|
Ипотекалық несиелер
Жер сатып алуға жеке тұлғаларға несие Қосымша шарттар
Сатып алынып жатқан жер танабына құқық беретiн құжаттарды мiндеттi түрде алдын-ала табыс ету
Керектi құжаттардың ең аз тiзбесi
- заемшының және барлық кәмелетке толған жанұя мүшелерінің жеке куәліктері (паспорт);
- отбасы жағдайын растайтын құжаттар (неке куәлігі, неке бұзылу, балалардың туылу куәлігі);
- СТТН иеленгені туралы куәлік;
- неке келісім –шарты (бар болса);
- тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы анықтама (мекен-жай үстелі, ПИК) тұрғылықты жерге;
- жұмыс орнынан кіріс көлемін растайтын анықтама;
- заемшының еңбек кітапшасы мен еңбек келісім-шарты;
- қосымша кірістерді растайтын анықтама.
Несиелендiрудің шарттары
Несиелендiрудің мерзімі: 12 – 120 ай.
Бастапқы төлем: 30%-дан бастап жоғары
Мезгілінен бұрын өтеуге мораторий: 12 ай.
Пайыздық ставка (бекiтiлген): жылдық 18,5-19,5
Несие сомасы: 7 500 000 теңгеге дейiн
Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес.
Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.
|
|
|
|