|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Қаржыландыру орталықтары
Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.
Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
|
|
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз : |
|
|
Бизнес несиелері
Кіші және орта бизнесті несиелендіру
Бағдарламаның мақсаттары, тұрақты әрі өтеу мүмкіндігі бар заемшыларды кіші бизнес секторынан іріктеу, және Қазақстан Республикасының кіші кәсіпкорындары мен жеке кәсіпкерлерін үздіксіз қаржыландыру көзін жасау:
Бағдарлама шеңберiнде 3 түрлі несие беріледі:
экспресс несиелер 5 мың доллар сомасына дейiн 12 айға беріледі. Нақты төленетін пайыздық ставкалар.
микро несиелер жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн 48 айға сомасы 2000-нан 10000 АҚШ доллары аралығында, 48 айға дейiнгi мерзiммен. Нақты төленетін пайыздық ставкалар.
шағын несиелер кiшi және орта бизнеске 10000 –нан 200000 АҚШ долларына дейінгi сомада 48 айға дейiнгi мерзiмге. Нақты төленетін пайыздық ставкалар.
Несиелер келесі мақсаттарға беріледі:
- тауар айналымын ұлғайту;
- айналым капиталын одан әрі дамыту үшін толықтыру;
- өндірісті немесе көрсетіліп жатқан қызмет көлемін кеңейту;
- машиналар, шикізат пен материалдар сатып алу және де өндірісті жетілдіру;
- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жылжымайтын мүлікті иемдену, салу және жөндеу;
- басқа да күрделі қаржы бөлу.
Артықшылықтар
- Iскерлiк жоспар талап етiлмейдi
- Кеңес беру - тегін
- Тұрақты клиенттерге жеңілдіктер
Кім ала алады
- Жеке кәсіпкерлер
- Заңды тұлғалар
Өтеу
Негізгі қарызды өтеу ай сайын жүргізіледі (3 айға дейiн мерзімін ұзарту мүмкіндігі бар, экспресс-микро несие бойынша мерзім ұзартылмайды), несие бойынша сыйақы (қызығы) ай сайын
Қамтамасыз ету
Микронесиелер мен шағын несиелер жылжымайтын мүлікпен, құрал-жабдықпен, автокөлікпен, тауар қорларымен және басқа да жеке мүлікпен қамтамасыз етіледі.
Экспресс-микронесиелер жылжымалы мүлiкпен: айналымдағы тауарлармен (жылдам бүлiнетiн тауарларды қоса), құрал-жабдықтармен, жеке мүлiктермен (тұрмыстық электр құралдары, жиһаз және т.б.), автокөлiкпен қамтамасыз етiледi. Қосымша қамтамасыз етiлу жеке кепiлдеме мен зергерлiк бұйымдар түрiнде ұсынылуы мүмкiн. Жылжымайтын мүлiк ерекше жағдайларда ғана қабылданады.
Қосымша ақпараттар
Осы бағдарлама экономиканың экологияға әсер ететiн, тағы табиғат өнiмдерiмен және бағалы қағаздармен сауда жасайтын, зиянды қалдықтарды сақтау мен қайта өңдеу, радиоактивтi заттегiлерi мен тыйым салынған тыңайтқыштарды дайындау, есiрткi (темекi, алкогольдi iшiмдiктер) мен қару-жарақ өндiрiсi, құмар-сауық пен т.б. ойынханалар ұстау салаларына таратылмайды.
Қаржыландыру құралы – қарыздар (несиелер).
Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес.
Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.
|
|
|
|