|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Қаржыландыру орталықтары
Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.
Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
|
|
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз : |
|
|
Тұтынушылық несиелері
Тауарлар сатып алуға арналған несиелер Банктер мен олардың бiрге жұмыс атқаратын сатушы-компаниялары, Сiзге, аталған компаниялардан, мерзiмiн 2 жылға дейiн ұзартып төлеу мүмкiндiгiмен, халық тұтынатын тауарлардың ауқымды ассортиментiн сатып алуды ұсынады.
Несиеге не иемденуге болады?
- Бейнекамерларды
- Бейнемагнитофондарды, бейне – және DVD плеерларды
- Компьютерлердi, ноутбуктердi, мониторларды, принтерлер мен басқа да шеттетiлген қосымшаларды
- Кондиционерлердi
- Кез-келген жиһазды
- Микротолқынды пештердi
- Музыкалық орталықтарды, магнитолаларды
- Электрлік және газды плиталарды
- Ыдыс-аяқ жуатын машиналарды
- Шаңсорғыштарды
- Кір жуатын машиналарды
- Теледидарлар мен моноблоктарды
- Факстарды
- Тоңазытқыштар пен мұздатқыштарды
- және басқа да халық тұтынатын тауарларды (ХТТ)
Артықшылықтары
- Тауарды лезде аласыз, бірақ ол үшiн бір жыл бойы төлейсіз.
- Қозғалмалы және жылжымайтын мүлік кепілдіктерінсіз.
- Несие алу рәсімі барынша жеңілдетілген.
- Тіркелген төлемді жалақы мөлшерімен оңай салыстыру (немесе жалпы жанұялық кіріс). Бұл несиеге тауар алу жөнінде шешім қабылдауға көмектесуі мүмкін.
Сізден не талап етіледі?
- Тауар сатып алу ниеті
- Сіздің кірісіңіздің тұрақты деңгейі
- Тауарға бастапқы төлем
- Заемшының азаматтық және құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
Банк қандай шарттар ұсынады?
Бастапқы төлемнің көлемі: құнының 20%-дан кем емесi.
Қалған сомаға тұтынушылық несиесi ресiмделедi.
Несие сомасы: 75 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін
Несие ұсыну мерзімі: 3-тен 24 айға дейін
Несие валютасы: теңгемен (валюталық баламасы тіркелмей-ақ)
Несиені өтеу үлгісі: тең үлестермен ай сайын
Пайыздық ставка: жылдық 20%-дан жоғары
Несиенiң қамтамасыздығы (кепiлдiгi) не болады?
Аталған Бағдарламаның көлемінде беріліп жатқан несиелердiң қамтамасыз етiлуне сақтандыру полисі қызмет етеді
Сақтандыру компаниясымен, банкпен келiсiлген шарттар бойынша, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру келiсiм-шарты жасалады
Несие алу үшін қандай әрекеттер қолдану қажет?
- Сіз сатушы-компанияға келіп, ұнаған ХТТ үлгісін таңдайсыз;
- қағаз түріндегi САУАЛНАМАНЫ толтырасыз;
- Сауалнаманың қағаз формасын Банкте немесе ХТТ-ны жүзеге асыратын компанияларда ала аласыз;
- Толтырылған қағаз САУАЛНАМАНЫ Сiз, сатушы-компанияның сауда жөнiндегi менеджерiне немесе сатушы-компаниямен жұмыс жасайтын Банктiң кез-келген филиалына өткiзесiз.
Банкке келесі құжаттарды ұсынасыз:
- мәлiмдеме (банк үлгісімен);
- жеке куәлік көшірмесін;
- СТТН көшірмесін;
- жұмыс орнынан анықтама мен еңбек келісімінің көшірмесі;
- IIМ-мен расталған, №3-шi үлгiдегi анықтама;
- соңғы 12 айға жұмыс орнынан жалақы жөнінде анықтаманы;
- қажет болған жағдайда жанұя мүшелерінің кірісі жөнінде анықтамаларын;
- патент көшірмесін/ ЖК мемлекеттік тіркеу жөнінде куәліктері (мұндай бар болса);
- сатушы-компанияның шот-фактурасын;
- фотосуретті 3*4 – 1 данасын
Банк заемшының мүлкіне талдау жасап, несиені беру туралы шешім қабылдайды.
Несие беру жөнiнен банктiң оң шешiмiн алған жағдайда, Банктiң кассасы арқылы сатушы-компанияның шотына бастапқы төлемдi өткiзесiз
Сақтандыру компаниясында сақтандыруды рәсімдеп, сақтандыру төлемі төлегендігін растайтын квитанция мен сақтандыру полисін Банкке ұсынасыз.
Банкпен несие келісім-шартын жасайсыздар.
Банк несие сомасын компанияның есеп шотына аударады және Сiзге, төлемдi растайтын, мемориальды ордер бередi
Келiсiм-шарттардың даналарын аласыз, ал дүкенде тауар алу үшiн, мемориальды ордер мен бастапқы төлем төленгенiн растаушы квитанцияны, ұсынасыз
Несиені өтеу қалай орындалады?
Несиені өтеу ай сайын, несиемен пайдалану пайыздары мен несиенің өзінің бөлігі кіретін, тіркелген (яғни, көлемі бірдей) төлем түрінде жүргізіледі.
Уақыт өте несие қалдығының кеми беретiндiгi белгiлi. Сыйақы ставкасы несиенiң қалдық бөлiгiне ғана есептеледi. Сондықтан, төлемдердің пайыздық бөлшегі де төмендейді. Бұл кезде қарызды өтеуге кететін бөлшек көбейеді. Бұл өзгерістер Банктен төлем мөлшері әр нақты айда біркелкі болатын етіп, есептеледі.
Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес.
Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.
|
|
|
|