|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Қаржыландыру орталықтары
Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.
Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
|
|
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз : |
|
|
Тұтынушылық несиелері
Кіріс дәлелдемесiнсiз несиелер
Артықшылықтары:
- Кірісті растау қажет емес;
- Пайдалану мақсатын көрсетусіз;
- Үлкен сома алу мүмкіндігі;
- Бастапқы төлем жоқ;
Несиелендіру шарттары қандай?
Несие валютасы: теңге, АҚШ доллары
Несие мерзімі: теңгемен 3 жылға дейін, АҚШ долларымен 5 жылға дейін;
Несие сомасы: жылжымайтын мүліктің (кепілдіктің) бағалау құнының 50%-на дейін
Сыйақы ставкасы: теңгемен жылдық – 20%-дан жоғары; АҚШ долларымен жылдық – 17%-дан жоғары.
Несиенің қамтамасыз етілуі: Заемшыға ресiмделген жылжымайтын мүлiк
Несиенiң ұсынылуы: Несие сомасы заемшының банктегi шотына қолма-қолсыз ақша аудару жолымен ұсынылады.
Біздің бағдарлама кімге есептелген?
Бағдарлама тұрақты кірісі мен талаптағы кепілдігі бар жеке тұлғаларға (ҚР-ң резиденттеріне және резидент еместерге) есептелген.
Несиені қалай ресiмдеу керек?
Несие алуға мәлімдеме толтыру.
Құжаттар пакетін жинап несиелік офицерге өткізу:
- Жеке куәлік көшірмесін;
- Салық Төлеушінің Тіркеу Нөмірін (СТТН) иеленгені жөнінде анықтаманы;
- АIIБ-мен расталған, №3-шi үлгiдегi анықтаманы (түрғылықты мекен-жайы);
- Кепілдік затына – жылжымайтын мүлікке - құқықтандыратын құжаттар;
Несиені өтеу
Несие + сыйақы аннуитеттік төлеммен төленеді
Аннуитеттік төлем – несие сомасы мен пайыздардың тең үлестермен төленуі.
Қарамағыңызда қалған сомаға ғана пайыздар қосылады.
Анық нәтижесінде Сіз:
- сыйақы 19% болғанда, банкке 10.5% төлейсіз;
- сыйақы 21% болғанда, банкке 11.7% төленейсіз;
- сыйақы 24% болғанда, банкке 12.8% төленейсіз.
Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес.
Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.
|
|
|
|