қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Қаржыландыру орталықтары

Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.

Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз :
Бизнес несиелері Гранттар
Ипотекалық несиелерЛизинг
Мемлекеттік несиелерТұтынушылық несиелері
Франчайзинг

Тұтынушылық несиелері

Автокөлік сатып алуды несиелендiру
Депозит кемiлiмен несиелендiру
Кіріс дәлелдемесiнсiз несиелер
Тауарлар сатып алуға арналған несиелер
Қауырт мұқтаждыққа несие беру

Қауырт мұқтаждыққа несие беру

Тұтынушылық несиелендiру бағдарламасы Сiзге қысқа мерзiм iшiнде өз арманыңыздың орындалуына мүмкiндiк бередi. Үй салу, көлемдi заттар сатып алу, саяхатқа шығу, шетелде бiлiм алу ақысын төлеу және көптеген басқа (төлемдер жасау).

Несие қандай мақсаттарға берiледi:
  • медицина мен емделуге байланысты қызметтер;
  • салтанатты iс-шаралар өткiзу;
  • оқу, бiлiм алу;
  • демалу, туристiк сапарға шығу, спорт;
  • жылжымайтын мүлiк пен автокөлiк жөндеу;
  • және көптеген басқа.
Бағдарлама артықшылықтары:
  • Уақыт үнемдеу. Iрi сомаға қор жинақтау, несие алып және оны 1-5 жыл iшiнде бiртiндеп төлеп шығудан, көп қиын.
  • Бастапқы төлемсіз.
  • Несиенi барлық мақсаттарға пайдалана аласыз – сапарға шығу, оқуға, құрылысқа және т.б. төлеу
  • Мерзiмнен бұрын өтеу.
Несиенi қамтамасыз етудiң нұсқалары

Кепiлдiк есебiнде жылжымайтын мүлiк немесе автокөлiкпен қатар, Салымдар (Депозиттер), заңды және жеке тұлғалардың кепiлдiгi де қабылдана бередi.

Бұл бағдарлама кiмдерге есептелген?
  • Бұл бағдарлама жылжымайтын мүлiк пен автокөлiк кепiлдiктерi бойынша несиелендiруге арнайы жасап шығарылған.
  • Несие алудың маңызды алғышарттары – бұл тұрақты табыс пен кепiлдiктiң бар болуы.
Сiзден не талап етiледi?
  • несие алуға ниет;
  • Сiздiң табысыңыздың тұрақты деңгейi;
  • өтiмдi қамтамасыздық.
Банк қандай алғышарттар қойып отыр?

Несие сомасы: 75 000-нан 7 500 000 теңгеге дейiн, 500-ден 50 000 АҚШ долларына дейiн

Несиелендiру мерзiмi: 3 айдан 36 айға дейiн теңгелiк несие бойынша, 3 айдан 60 айға дейiн валюталық несиелер бойынша.

Несие өтемiнiң үлгісі: ай сайын бiрыңғай тең үлестермен (аннуитеттiк төлем)

Сыйақы мөлшерi: теңгелiк несиелер бойынша 20%-дан бастап жоғары, валюталық несиелер бойынша 17%-дан бастап жоғары, 24% 2 жылға дейiн 500 –дан 2 000 –ға АҚШ долларына дейiн Жылжымайтын мүлiк, автокөлiк, сақтандыру полисi

Несиенi өтеу:
Негiзгi қарыз сомасы мен сыйақысы аннуитеттiк төлемдермен төленедi.

Аннуитеттiк төлем – бұл негiзгi қарыз сомасы мен пайыздарды бiрыңғай тең үлестермен ай сайын төлеп отыру. Пайыздар тек негiзгi қарыздың қалдығына ғана есептеледi. Тиiмдi (нақты) мөлшер номиналдан көп төмен.

Несие алу үшiн қандай iс-қимыл әрекеттерiн жасау керек?
  • Сiз Банкке келесiз және Несиелiк Сарапшымен әңгiмелесесiз.
  • Несиелiк Сарапшы несиелендiрудiң алғышарттарын түсiндiредi, Сiздiң талаптарыңызбен танысады, және аталған Бағдарламаға Сiздiң қатысу мүмкiндiгiңiздi анықтайды.
  • Әңгiмелесу оңтайлы өткен жағдайда Несие алуға өтiнiш және Заемшы анкетасын толтырасыз..
  • Несие Сарапшысынан, Банкке ұсынуға қажеттi құжаттар тiзiмiн, аласыз.
  • Бұл құжаттарды жинап, Несиелiк Сарапшыға тапсырасыз.
Құжаттардың ең аз тiзбесi:
  • Несие алуға толтырылған өтiнiш;
  • Заемшының фотосуретi бар толтырылған анкета;
  • Жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
  • СТТН иемденi туралы анықтаманың көшiрмесi;
  • Жұмыс орнынан соңғы 12 ай бойынша кiрiс анықтамасы (Банк Ұлгiсiмен);
  • АIIБ-мен расталған, №3-шi үлгiдегi анықтама (түрғылықты мекен-жайы).
  • Ұсынылған кепiлдiк мәнiне құқығын анықтайтын құжаттар .
Несие беру жөнiндегi мәселе, соңғы шешiм қабылдайтын, Несиелiк Комитеттiң қарауына шығарылады. Оң шешiм қабылданған жағдайда, кепiлдiк Келiсiмiн ресiмдейсiз және оны уәкiлеттi мемлекеттiк органда тiркейсiз. Сақтандыруды (өмiрiңiз бен ден-саулығыңызды немесе қамсыздандыруды) ресiмдейсiз және сақтандыру полисiн Банкке ұсынасыз. Банктiк несие келiсiмiн жасайсыз, несие сомасын аударатын бетесеп немесе картшот ашасыз.

Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес. Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.

Жаңалықтар
08 | 10 | 2008
07 | 10 | 2008
06 | 10 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz