қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Қаржыландыру орталықтары

Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.

Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз :
Бизнес несиелері Гранттар
Ипотекалық несиелерЛизинг
Мемлекеттік несиелерТұтынушылық несиелері
Франчайзинг

Бизнес несиелері

Жобалық қаржыландыру
Кіші және орта бизнесті несиелендіру
Коммерциялық қаржыландыру
Овердрафт

Жобалық қаржыландыру

Жобалық қаржыландырудың негізі болып, Банк қаражатын салатын объектісі, кәсіпорынның тұтас өндірістік-шаруашылық қызметі емес, нақты инвестициялық жоба болып табылады

Демек, салынған қаржылардың қайтару көзі болып, жобаның бастамашыларының қаржылық қызметінің ерекшеленген нәтижесі - инвестициялық жобаны іске асырудан түскен кіріс – табылады. Алайда, жобалық тәуекелдердің жоғары деңгейлі жағдайларында, Банк қосымша қамтамасыздықтар мен кепілдіктер талап етуі мүмкін

Жобалық қаржыландырудың артықшылықтары

Компания, өз қаражатын бөлмей, айналым құралдарын азайтпай, жаңа, ірі, стратегиялық - үлкен күрделі шығындарды талап ететін - жобаларды іске асыру үшін, қосымша қорларды тарта алады, және ол компанияға, жаңа жобаның іске асырылуына қарамай, ағымдағы жоспарланған қызмет етіп тұрған бизнесін жүргізе беруге мүмкіндік береді

Әртүрлі дербес қаржылық схемаларды қолдану, тартылған инвестициялық қорлардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл мағынада жобалық қаржыландырудың мәні, жиынтық пайдалар мен жиынтық шығындарды бағалай отырып, компанияның әл-ауқатына (нарықтық бағасына) ең жоғары нәтижелі әсер беретін инвестициялық жобаны қаржыландыру тәсілі мен көзін таңдай білуінде жатыр

Жобаны қаржыландыру бойынша келіп түскен ұсыныстармен Банктің қарапайым жұмыс реті төмендегідей болады:

Бірінші этапта банк жобаны негізгі белгілері бойынша бағалайды: нарықтық өмірге қабілеттілігі (жобаның нәтижесі бойынша жасап шығарылған өнімнің, қызметтің, «ноу-хау» және т.б. нарықпен қабылдануы), жобаның құны мен оны қаржыландыру графигінің нақтылығы, жоба бойынша болжамдалған эксплуатациялық шығындар мен кірістердің негізді болуы, жоба мен оны іске асырудағы тәуекелдердің экономикалық тиімділігі. Жобалық тәуекелдер деңгейі әртүрлі факторларлың тұтас комплексімен, нарықтағы макроэкономикалық жағдайлардан бастап Бастамашының нақты іскерлік қасиеттерін анықтауға дейін, анықталады

Екінші этапта, егер сараптама оң нәтиже берсе, Банк, бизнес-жоспарды қаржыландырудың мүмкін болатын талаптарына сай етіп толықтырады, жобаны іске асырудың ұйымдастырушылық және қаржылық схемасын оңтайландырып жасайды, және оны Бастамашымен келіскеннен кейін, жоба Банктен қарастыру мен ресімдеудің белгілі процедурасын өтіп, қаржыландырылады.

Клиент үшін пайдалар:
  • Қызмет етіп тұрған бизнес негізінде инвестициялық, және де старттық жобаларды қаржыландыру;
  • салалық шектеулер жоқ;
  • қаржыландыру сомасы бойынша шектеу жоқ;
  • кепіл қамтамасыздығы жетпесе де қаржыландыру мүмкіндігі;
  • Әртүрлі қаржыландыру құралдарының толық спектры (несиелер мен несиелік жүйелер, аккредитивтер мен кепілдемелер, офердрафттар, вексельдер, облигациялар және т.б.) мен қаржыландыру схемаларын қолдану;
  • клиентке, жай заемшы ретінде емес, әріптес ретінде қарау;
Өз ұсынысыңызды ұсыну үшін не істеу қажет?

Сіздің жобаңызды іске асыру жөніндегі ұсынысыңызды Банкке алғаш рет жолдау үшін, Сізге толық ауқымды бизнес-жоспар дайындау керек, және де құжаттардың толық пакетін жинау керек, ол үшін еркін үлгідегі 2-5 парақтық ақпарат (қағаз не электронды түрде) ұсынсаңыз жетіп жатыр:
  • Өз ұсынысыңызды сипаттаңыз – нақтырақ және түсініктірек жазылса, дұрысырақ болады;
  • Жобаның толық құны (бюджеті) - жобаны іске асыру үшін қажетті қаржы құралдары мен инвестициялық қорлар көлемі;
  • Өз орнын толтырудың жалпы есебі;
  • нарық жөнінде ақпарат – нарық ауқымы, бағалары (егер нақты мәліметтер болмаса - Өз болжамдарыңызды жазыңыз);
  • Жоба Бастамашысы туралы толық ақпарат – жұмыс істеу тәжірибесі, активтері, банктермен қарым-қатынас тарихы және т.б.;
  • Координаттары, қайта байланыс.


Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес. Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.

Жаңалықтар
31 | 12 | 2008
30 | 12 | 2008
29 | 12 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz