қазақша | русский
Сайт бойынша іздеу:
ОҚО бизнес каталогы
ОҚО-да жасалған
ОҚО-ғы бизнеске арналған қызметтер
Ақыл-кеңес беру және оқыту
Қаржы
Технологияларды іздеу
ОҚО-ғы МЕҰ
Ғылым және білім
Виртуалды кеңесші
Өз бизнесіңді баста
Қаржыландыру орталықтары
Салықтар
Бизнес туралы заң
Интернет және бизнес
ОҚО әкімшіліктері
Бизнес-навигатор
Қызықты сілтемелер
Бизнес әліппесі
Бизнес кітапханасы
Баспасөзді қарау
Порталдың әкімшілігі
мен өңделуі
Біздің әріптестер
Басты бет | Сайт картасы | Пресса залы | Импрессум | Байланыстар  

Қаржыландыру орталықтары

Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.

Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз :
Бизнес несиелері Гранттар
Ипотекалық несиелерЛизинг
Мемлекеттік несиелерТұтынушылық несиелері
Франчайзинг

Бизнес несиелері

Жобалық қаржыландыру
Кіші және орта бизнесті несиелендіру
Коммерциялық қаржыландыру
Овердрафт

Овердрафт

Овердрафт түріндегі несие клиентке, түсетін ақшадан шығыны уақытша артып тұрған кезеңде, уақтылы есеп айырысу проблемасын шешу мүмкіндігін береді:
  • айналым қаржыны толықтыру (тауарлы-материалды құндылықтарды иемдену, маусымға байланысты тауар қорын құру),
  • жалақы төлеу,
  • бюджетке төлемдер,
  • басқа өндірістік шығындар.
Бизнесте пайдалану қажеттілігі

Овердрафт қарама-қарсы төлемдерге ұсынылған және белгіленген мақсат үшін пайдаланылуы керек – төменде көрсетілген себептерге байланысты Заемшының қаржы-шаруашылық қызметінде пайда болған, ағымдағы төлем алшақтығын қаржыландыру үшін айналым құралдарын толықтыруға:
  • Заемшының негізгі қызметі бойынша сатып алынған тауарлы-материалдық құндылықтар мен пайдаланылған қызметтер шоттарын төлеу үшін;
  • Заемшының ағымдағы салықтық және басқа да қажетті төлемдеріне қаржы аударуға;
  • Заемшының операциялық және басқа да шығындарын төлеуге;
  • Жалақы, сыйақыларды төлеу мен Заемшының жұмысшыларына төленетін басқа да төлемдерге;
  • Овердрафт, Заемшының Қазақстан Республикасының Банктерімен жасаған кез келген несие шарттары бойынша ағымдағы міндеттерін өтеуге, бағыттала алмайды
Пайдалану артықшылықтары:
  • Овердрафт қайталанылатын несиелерді, қосымша құжаттарды рәсімдемей-ақ, беруді іске асыруға мүмкіндік береді.
  • өзіндік және тартылған ақша қорларын тиімді пайдалану;
  • Банк қорын кассалық алшақтықтарды жоюға пайдалану мүмкіндігі;
  • несие алу қарапайымдылығы;
  • Овердрафт беруді рәсімдеу мен мәлімдемені талқылаудағы шапшаңдық;
  • өтеуді таңдау мүмкіндігі.
Кімге ұсынылады:
  • зады тұлағаларға;
  • заңды тұлғалық құрылымынсыз куәлігімен жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерге.
Заемшыларға талаптар:
  • Тұрақты қаржылық жағдайы, Овердрафт бойынша қарыздарды Заемшының шотына негізгі қызметтен түсетін ағымдағы ақша есебінен ғана өтеу мүмкіндігі;
  • кез-келген банкте 3 айдан көп әрекет ететін белсенді ағымдағы шоттарының бар болуы;
  • көрсетілген шоттарға негізгі қызметтен түсетін ақшалардың тұрақтылығы.
Овердрафтты өтеу:
  • Клиенттің шоттарына түсетін сомалардың бәрін, Овердрафт бойынша қарызды өтеу үшін, Банктің акцептсіз түрде күнделікті есептен шығару жолымен
  • Өз шотына түсіп жатқан барлық сомаларды, Овердрафт бойынша қарызды графикке сәйкес өтеу үшін, Клиенттің өздігінен бағыттау жолымен.
«Овердрафт» нұсқасымен несие алу үшін құжаттар
  • «Овердрафт» несиесінің траншын алуға мәлімдеме;
  • Төлем тапсырмасы;
  • Керекті болса, аталған төлемді өткізуге қажеттілігінің негіздеу құжаттары.


Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес. Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.

Жаңалықтар
31 | 12 | 2008
30 | 12 | 2008
29 | 12 | 2008
Жаңалықтар мұрағаты
Оқиғалар күнтізбесі
© 2005 СодБи Бизнес-инкубаторы | Шымкент, Қазақстан |sodbisystems.kz