|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Қаржыландыру орталықтары
Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.
Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
|
|
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз : |
|
|
Тұтынушылық несиелері
Депозит кемiлiмен несиелендiру Егер Банкте Сiздiң депозитіңіз болып, сыйақыны жоғалтпай, оны сақтап қалғыңыз келе отырып, Сізге тығыз қаражат керек болса, онда депозит кепілдігiмен несиенi пайдаланыңыз.
Артықшылықтар:
- ең аз құжаттар пакеті
- жедел талқылау мен ресiмдеу
- төменгі пайыздық ставка
Несиелендіру шарттары:
- Қарыз валютасы: теңге, АҚШ доллары
- Қарыз сомасы: депозит сомасы минус 4 айлық сыйақы
- Сыйақы ставкалары: Депозит ставкасы + 3%
- Несие мерзімі: Депозит мерзіміне байланысты
- Несиенi ресiмдегенi үшiн комиссия шегерiлмейдi
- Өтеу: тең үлестермен ай сайын
- Қамтамасыз ету: Депозит
- Мерзімінен бұрын өтеу: айыппұл санкциясынсыз
Талаптар:
Несиелік өтінімді талқылау үшiн клиент келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесін;
- СТТН көшірмесін
Кепiлдiк шартын ресiмдеу үшiн Кепiл берушi (депозит Иесi) келесi құжаттарды ұсынуы қажет:
а) егер кепіл беруші ретінде жеке тұлға болса:
- Депозитте орналасқан қаражатты кепілдікке қоюға ері/зайыбы келісімі;
б) егер - заңды тұлға:
- Депозитке кепілдік ұсынатыны жөнінде заңды тұлғаның құзырлы мекеме басқаруының шешімі
Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес.
Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.
|
|
|
|