|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Қаржыландыру орталықтары
Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.
Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
|
|
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз : |
|
|
Тұтынушылық несиелері
Автокөлік сатып алуды несиелендiру Автомобилi жоқ әрбiр адам оны сатып алуды армандайды, немесе меншiгiнде бар болса да, басқасын одан да жаңалауын, жетiлдiрiлгенiн, жайлылауын және сымбаттылауын армандайды. Шындығында, бiздiң әрбiрiмiздiң автобустың келмеуiнен, оның сынып қалғандығынан кездесулерге кешiккен кездерiмiз аз болған жоқ. Сондай сәттерде өз автомобилiңнiң болуын көбiрек ойланасың. Қазiргi уақытта қор жинаумен айналыспай-ақ, автомобиль сатып алу несиелендiруiн пайдалануға болады.
Артықшылықтары:
- Сiз өз қажетiңiздi аласыз, ал байыппен есептесе бересiз
- Шапшаңдық
- Сiз өз бюджетiңiздi жоспарлай аласыз
- Сiз қарызды мерзiмiнен бұрын өтей аласыз
Несилендіру шарттары:
- Қарыз валютасы: теңге
- Қарыз сомасы: Клиенттiң кiрiсiне байланысты, автомобильдiң нарық құнының 85%-нан артық емес.
- Сыйақы ставкалары: теңгемен жылдық 16%-дан жоғары (жылына нақтысы 9%)
- Бастапјы төлем: 15%-дан жоғары
- Несие мерзімі: теңгемен 5 жылға дейін
- Өтеу: тең үлестермен ай сайын
- Қамтамасыз ету: игерілетін автомобиь (жылжымайтын мүлік, депозит, басқа да өтiмдi қамтамасыздықтар)
- Мерзімінен бұрын өтеу: айыппұл санкциясынсыз
Керекті құжаттардың тізбесi:
- жеке куәлік көшірмесі;
- СТТН иеленгеннін растайтын құжаттың көшірмесі;
- кадр бөлімімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
- жұмыс орнынан жалақы жөнінде анықтама (соңғы 12 айдан кем емес);
- Кәсiпкерлiкпен, заңды тұлғалық құрылымынсыз, айналысушы жеке тұлғалар үшiн – ЖК тiркелгендiгi туралы куәлiк, әлде патенттерi мен кәсiпкерлiкпен айналысуға берiлген рұқсатнамалар, кiрiстерi жөнiнен декларация және басқа да, тұрақты ақшалай кiрiстерiнiң бар екендiгiн растайтын, құжаттар (соңғы 12 айдан кем емес);
- кепілдік мүлікке құқықтандыратын құжаттар.
Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес.
Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.
|
|
|
|