|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Қаржыландыру орталықтары
Сіз өз ісіңізді ашуды немесе қазіргі кезде бар бір істі кеңейтуді шештіңіз. Сіз қазір не туралы ойлап отырсыз? Әлбетте, бұған қанша ақша керектігі және оны қайдан алуға болатындығы туралы. Пайдалануға болатын қаржылардың сан алуан түрлерінің арасынан кәсіпорынды қаржыландыру көздерін, ең алдымен, үлкен 3 топқа бөлуге болады: сіздің өз ресурстарыңыз, банк ссудалары және түрлі қаржы компанияларының қаржылары. Соңғысына түрлі салымдарды (мақсатты қаржыландыруды) жатқызуға болады.
Бұл бөлімде сіз Шымкентте және Оңтүстік Қазақстанда өз бизнесіңізді қаржыландырудың мүмкіндіктері мен көздері туралы мағлұмат табасыз.
|
|
Өтініш, өзіңізді қызықтыратын категорияны таңдаңыз : |
|
|
Бизнес несиелері
Коммерциялық қаржыландыру Несиелендiру, негiзiнен, қысқа мерзiмдiк несие түрiнде, сонымен қатар қаржыландырудың әртүрлi құралдарын (несилер, кепiлдiктер, аккредитивтер) қолдану арқылы жүзеге асырылуда.
Сауда опрецияларын қаржыландыру үшiн, ауыспалы қорларды толықтандыру үшiн, негiзгi қорларды сатып алу үшiн, өндiрiс ұйымдастыруды қаржыландыру үшiн несиелер берiледi.
Артықшылықтары
- Іске асыру мерзімі – шек қойылмаған;
- несиелер теңге, ЕКВ немесе тұрақталған валюта баламасы түрінде беріледі;
- несиелендiру мерзімі банктің депозиттік базасына тәуелдi (қолайлысы 1 жылға дейін);
- несие ставкасы ҚРҰБ-ның қайта қаржыландыру ставкасына ж„не қалыптасқан нарықтық ставкаға тәуелдi;
- қаржыландыру құралдары – қарыз (несиелер), кепілдер, аккредитивтер
Кім ала алады
- Орнықты қаржылай қалпы, сенімді әрі өтімді кепілі, жақсы несиелік тарихы бар заңды тұлғалар.
Талаптар
Экспертиза жүргізуге қажетті құжаттар:
- Жарқы, құрылтай құжаты, мемлекеттік тіркеудің куәлігі;
- Қолтаңбалар үлгісі бар карточка;
- Статистикалық карта;
- СТТН, серіктестік құру жөніндегі құрылтайшылардың шешімі, директор мен бас бухгалтерді таҚайындау жөніндегі бұйрық;
- Iскерлiк-жоспар (ТЭН);
- Жобалар бойынша келісім-шарттар;
- Баланстар және олардың соңғы 3 жылдық қосымшалары;
- Соңғы күнге жасалынған салық инспекциясымен салыстыру актiсi, лицезиялар (рұқсаттар);
- Банктерде бар шоттар және олардағы айналымдар туралы мәлiмет, дебеттiк (кредиттiк) берешектердiң пайда болу мерзiмi (өтеу және атауы) туралы ақпарат;
- Ссуда қарызының бар-жоқтығы туралы қызмет көрсететін банктердің анықтамасы мен кепілдік құжаттар.
Бұл ақпарат барлық Қаржылық мекемелерге қатысты емес.
Толық ақпарат алу үшін, Қаржы модулінде таңдай алатын Қаржылық мекемемен байланысыңыз.
|
|
|
|