 |
Салық тексерулерінің түрлері. |
| |
| Салық тексеруі – салық қызметі органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының орындалуын тексеруі. Салық тексерулерінің түрлері: құжатты тексеру, рейдтік тексеру және хронометражды зерттеулер. |
| |
 |
Тексерулерді өткізу жүйелілігі. |
| |
| Салық тексерулері келесі жүйелілікпен орындалады: кешенді – жылына бір реттен көп емес; тақырыпты – бір салық түрі бойынша және бюджетке төленетін басқада бір міндетті төлем бойынша жарты жылда бір реттен көп емес. |
| |
 |
Салық тексерулерін өткізу мерзімі және негіздеме. |
| |
| Берілетін ұйғарымда көрсетілетін салық тексерулерін өткізу мерзімі ұйғарымды берген сәттен бастап отыз жұмыс күнінен аспауы керек. |
| |
 |
Салық тексерулерін өткізу тәртібі. |
| |
| Салық тексерулерінің басталуы салық төлеушіге (салық агентіне) ұйғарымды тапсыру сәті болып табылады. Салық қызметі органының лауазымды тұлғалары салық төлеушіге (салық агентіне) қызметтік куәлігін көрсетулері керек. |
| |
 |
Камералдық бақылау және мониторинг. |
| |
| Камералы бақылауды салық органы дәл сол салық органының орналасуы бойынша салық төлеушіның өзі ұсынған салық есептерін және өзге де құжаттарды зерттеу және талдау негізінде жүзеге асырады. |
| |
 |
Салық тексеруінің нәтижелеріне келіспеу туралы шағымдану. |
| |
| Салық төлеуші салық тексеруінің акті бойынша хабарламамен келіспейтіндігі туралы, дәлірек айтар болсақ, тексерудің салық соммасы мен өсімпұлдарын есептеу туралы, сондай-ақ, салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа, сонымен қатар салық қызметіның жоғарғы органдарына шағым беруге құқылы. |
| |