|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Түркiстан қаласының әкімшілігі
Жалпы мағлұматТүркістанның б.д. 500 жылы, Самарқандтан, Бұхарадан және Хиуадан Солтүстік Қазақстанға баратын керуен жолының қиылысында негізі қаланған
Әкімшілік орталығы – Түркістан қаласы
Түркістан қаласының құрамына 11 ауыл округы мен 4 шағын аудандар кіреді.
Халық саны - 195623 адам
Аудан территориясы 9400 шаршы километр жерді құрайды
Индустриалды — экономикалық профильТүркістанда машина құрылысы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, құрылыс материалдары өндірісі, биохимия өнеркәсібі кәсіпорындары қызмет атқарады. Түркістанның ірі кәсіпорындарына тоқыма және тігін өнеркәсіптері де жатады – «Яссы» ААҚ, «Тұран» ШҚ, «Ақ алтын корпорациясы» ЖШС, «ШТФ-Түркістан» ЖШС.
Ауданда мал өсіру, өсімдік өсіру дамыған. Аймақтың ауыл шаруашылығында дәнді дақылдар мен мақта шикізатының жоғарғы сортын өсіру ерекше орын алады.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындарТүркістан Қазақстанның ең көне қалаларының бірі болып табылдаы. Түркістан туралы алғашқы мағлұматтар XV ғасырда кездестіріледі. Қаланың көрнекі жері XV ғасырдың соңында салынған Ахмет Яссауи кесенесі болып табылады. 2000 жылы Түркістан өзінің 1500 жылдық мерей тойын атап өтті.
«Кіші Мекке» деп аталып, киелі қала деп құрметтелетін Түркістанның Оңтүстік Қазақстанның туристтік орталығы болу мүмкіндігі бар.
ӘкімБектаев Әлі Әбдікәрімұлы
Әкимат мекен-жайыТуркістан 487010
Есiмхан алаңы, 3
Телефон: +7 (72533) 4-14-25
|
|
|
|