|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Түлкiбас ауданының әкiмшілігі
Жалпы мағлұматТүлкібас ауданы 1928 жылы құрылып, Оңтүстік Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс бөлігінде орналасқан.
Ауданның әкімшілік орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылы
Халық саны - 88200 адам
Аудан территориясы 2300 шаршы километрді құрайды
Индустриалды — экономикалық профильАудан өзі өндіретін өнімдердің сан-алуан түрлілігімен ерекшеленеді: дәнді-дақылдар, майлы дақылдар, бақша дақылдары, сонымен бірге картоп, жүзім және жеміс-жидектер. Тамақ өнеркәсібінің қайта өңдейтін кәсіпорындары ауданның өнеркәсіп потенциялының жалпы көлемінде 40 пайызды құрайды. Мұнда «Сана» Корпорациясы» ЖШС-не тиесілі екі қуатты ұн тартатын комбинат жұмыс істейді.
Өнеркәсіп өндірісінің тағы бір бағыты – пайдалы қазбалар қойнауы мен жатағын өңдеу болып табылады. Түлкібас ауданына Қазақстан бойынша жалғыз түрлі-түсті цемент шығаратын зауыт орналасқан. Ал, Түлкібас әк зауытының 80 жылдық тарихы бар.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындарАуданға «тамаша витаминді өнімдер өндіретін алқап» деген абыройлы ат бекем бекітілген. Бұл жерлерде алманың, алмұрттың, өріктің, жүзімнің түрлі сорттарын өсіру үрдісі бірнеше онжылдар бұрын қалыптастырылған. Ал, дәмді әрі экологиялық тұрғыдан таза жемістер Түлкібас ауданының визиткалық карточкасы болып табылады.
Ауданның ең басты көрнекті жері Ақсу Жабағлы қорығы. Ол 1927 жылы құрылған. Қорық флора мен фаунаға бай. Қорық территориясында 55-тен астам құстар пен аңдар түрі және 200-ден астам өсімдіктер түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген.
ӘкімСарманов Ерхали Сатыбалдыұлы
Әкимат мекен-жайыТурара Рыскулова 487960
Т.Рысқұлов көшесi, 201
Телефон: +7 (72538) 5-29-88
Факс: +7 (72538) 5-27-75
|
|
|
|