|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Төлеби ауданының әкiмшілігі
Жалпы мағлұматТөле би ауданы 1932 жылы құрылып, Оңтүстік Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан құрамына 13 ауыл округы кіреді.
Әкімшілік орталығы – Ленгер қаласы
Халық саны - 107000 адам
Аудан территориясы 3150 шаршы километрді құрайды
Индустриалды — экономикалық профильАудан орталығы Ленгер бұрындары шахтерлар қаласы болатын. Мқнда Шымкенттік зауыттар мен фабрикалардың фидиалдары ашылған. Алайда, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында болған уақытша экономикалық құлдыраулар аудан өнеркәсібіне қатты әсер етіп, оның өнімдері бәсекеге төтеп бере алмайтындай болды. Бүгінгі таңда Төле би ауданы басшылары туристтік саланы, шағын және орта бизнесті дамытуға, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге иек артып отыр.
Төле би ауданында жер игеру мен мал шаруашылығы дамыған. Ауданның ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер бидай, мақсары, жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Малшаруашылығы саласында басты рөлде ойнайтындар: ет, сүт және жүн өндірісі. Егіндік 65,3 мың га егіс алаңын, бау-бақшалар 2815га-дан астам жерді алып жатыр.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындарТөле би ауданында атақты Ақсу-Жабағлы, Сайрам-Угам ұлттық табиғи бақтары, екінші Артек саналатын «Тау самалы» балалар оқу-сауықтыру орталығы, «Бүргілік» санаториі, «Альтекс» демалыс аймағы, тау шаңғысы базасы орналасқан. Төле би жері өзінің қайталанбас сұлулығымен, ерекше табиғатымен тартып тұрады. Биік заңғар таулар, айнадай таза өзендер, мәуелерінің салмағымен бас иіп тұрған ағаштар – міне осының бәрі де ауданға тартып тұрады.
ӘкімӘлиев Мұхит Оралбайұлы
Әкимат мекен-жайыЛенгер 487510
Әйтеке би көшесi, 28
Телефон: +7 (72547) 6-21-35
Факс: +7 (72547) 6-15-23
|
|
|
|