Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі
Жалпы мағлұматОңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) республиканың ең ірі аймақтарының бірі болып, шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Жезқазғанмен, батысында Қызылордамен, ал оңтүстігінде Өзбекстанмен шекараласып жатыр. Оңтүстік Қазақстанның әкімшілік-территориялық құрылымына 4 қала, 11 ауылдық аудан кіреді.
Әкімшілік орталығы - Шымкент қаласы
Облыс 117300 шаршы километр жерді алып жатыр
ОҚО-ның халық саны 2 110 800 адамды құрайды
Индустриалды — экономикалық профильОңтүстік Қазақстан облысының экономикалық мамандануын құру, индустриалды-инновациялық саясатты белсенді түрде жүзеге асыру аймақтың көптеген шаруашылық кешендерінде өндірістік қуаттылықты құруды жылдамдатып, Оңтүстік Қазақстанда бәсекелестікке төтеп берер тауарларды шығаруға өтуге мүмкіндік берді.
Облыс мақтаның, тері шикізатының, өсімдік майының, жеміс-жидектің, бақша дақылдарының, макарон, темекі өнімдерінің, сыраның, алкогольсіз өнімнің, мұнай өнімдерінің, автотракторларының шинасын, экскаваторлардың, шұлық-байпақ және тігін өнімдерінің ең ірі өндірушісі және жабдықтаушысы. Оңтүстік Қазақстанда жеміс-жидек кластерін дамыту үшін қажетті алғышарттар бар. Ол Түлкібас консерві зауытының, «Шымлласт» ЖШС, «Ошай», «Асыл-Нұри», «Алтын алма», «Принир - 2004» және ОҚО-ның бірнеше аудандарында орналасқан он төрт шағын цехтар мен өндіріс базасында құрылуы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан аймағы, сонымен қатар, пайдалы қазбалар кен орындарына бай: мысалы, барит, көмір, темір және полиметаллдық рудалар, бентонитті балшықтар, әктастар, граниттер, мраморлар, кварцты құмдар. Уран қоры бойынша Оңтүстік Қазақстан бірінші орынды иемденіп, фосфориттер мен темір рудалары бойынша – Қазақстанда үшінші орында тұр.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындарОҚО-да кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті потенциал жеткілікті дәрежеде бар. Сол себепті, болашақта өндіріс секторының субъектілері, оның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын субъектілер, басымды дамитын болады. Малшаруашылығын дамыту теріні, жүнді, ет пен сүтті қайта-өңдеумен айналысатын жаңа кәсіпорындардың құрылуына алып келеді. Оңтүстік Қазақстанда мақта шикізатын толығымен, аяқталған циклмен қайта-өңдейтін шағын кәсіпорындарды құруға, күріш өсіру мен жүзім өсіруді дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады.
ӘкімАшимов Нургали Садуакасович
Әкимат мекен-жайыШымкент 160050
Тауке хан данғылы, 6
Телефон: +7 (7252) 53-74-07
Факс: +7 (7252) 53-05-27
|