|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Шымкент қаласының әкімшілігі
Жалпы мағлұматШымкент – Қазақстанның қарқынды дамып және тез өсіп келе жатқан, Өзбекстан және Қырғызстанмен шекаралас аймақта орналасқан қалалардың бірі. Шымкент солтүстік ендігінің 42-ші градусы мен шығыс ұзақтығының 69-шы градусында, Бадам және Сайрам өзендері арасындағы тау бөктерінің жазықтығындағы тамаша жерде орналасқан.
Әкімшілік орталығы - Шымкент
Қала территориясы 300 шаршы километр жерді алып жатыр
Шымкент халқының саны 526600 адамды құрайды
Индустриалды — экономикалық профильЖарты миллионнан астам тұрғыны бар қазіргі Шымкент Қазақстанның ең ірі қалаларының үштігіне кіреді, және сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) өнеркәсіп, сайда және мәдени орталығы болып табылады.
Соңғы жылдары тек қана Шымкентте емес, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысында да кәсіпкерлік пен бизнестің қарқынды дамуының арқасында Шымкент өте қатты құлпырып кетті. Шымкент қаласының өнеркәсіптік профильін түсті металлургия, химия және мұнай химиясы, машина құрылысы анықтайды.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындарШымкент Ұлы Жібек жолының бір бөлігіндегі керуен жолдарының қиылысында пайда болып, өте көне Орта Азиялық қалалардың құрамына кіреді және бай тарихы мен мәдениеті бар. Шымкент туристтардың, өнертанушылар мен археологтардың ерекше қызығушылығын тудырады. Қазақстанның оңтүстігінде көптеп кездесетін курорттық, экзотикалық және тарихи орындарға алып баратын туристтік маршруттар дәл осы жерден басталады.
Қонақтардың қызметіне қазіргі заманға сай отелдер, әуежай, темір жол және автобус вокзалдары, әлемнің барлық тарапымен халықаралық байланыс, тарихи көрнекі жерлер, табиғи ландшафттардың сан алуандылығы мен сұлулығы, Шымкент қаласының кең пейілділігі мен қонақжайлығы ұсынылады.
ӘкімЖетписбаев Арман Шарипбаевич
Әкимат мекен-жайыШымкент 160000
Тыныбаев көшесі, 49
Телефон: +7 (7252) 53-00-12
Факс: +7 (7252) 54-00-03
|
|
|
|