|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Сайрам ауданының әкiмшілігі
Жалпы мағлұматОңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы – облыстағы ең ірілерінің бірі. Аудан әкімиятының иелігінде 17 ауылдық округ пен 73 тұрғын мекені бар.
Әкімшілік орталығы – Ақсукент ауылы
Аудан тұрғындары - 241500 адам
Аудан территориясы 17000 шаршы километрді құрайды
Индустриалды — экономикалық профильӨзінің өндірістік-экономикалық потенциалы бойынша Сайрам ауданы облыстағы ең перспективалы аудан саналады. Аудан экономикасының басымды бағыты - ауыл шаруашылығы. Аудан кәсіпорындары жұмыстарының негізгі түрінің бірі «Арай» өсімдік майын щығару мен шарап өндірісі.
Ауданда ірі өндіріс кешендері мен көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары орналасқан. Олардың ішінде: «Шымкентнефтеоргсинтез» АҚ мұнай өңдеу зауыты, «Шымкентгаз» ЖШС, «Манкентаулмаш», «Электрод», «Шымкентпласт» АҚ, «Сайрам», «Оңтүстік құс».
Ерекшеліктер мен көрнекті орындарАудан әкімшілік орталығы – ғасырлық тарихи бар Ақсу қаласы. Ол ауданның барлық темір жолдары мен көлік трассалары тоғысатын орталық. Оның орналасуы өте таңдандарыды. Ол бейне бір сақина сияқты облыстық әкімшілік орталығы Шымкент қаласын айналдыра қоршап жатыр.
Аудан территориясында 58-ге тарта ерте ортағасырлық және кеш ортағасырлық мекендер мен қалашықтар, қорғанды мазарлар, жалғыз қорғандар мен некропольдар, б.д.д. 5 ғасырдан б.д. 18 ғасырына дейінгі тарихи ескерткіштер тіркелген. Ауданда туризм мен демалыс үшін пайдалануға болатын табиғи ландшафтар, оазистер бар.
ӘкімТұрғымбеков Әуельхан Елтайұлы
Әкимат мекен-жайыАксукент 487870
Жiбек жолы даңғылы, 95
Телефон: +7 (72531) 2-03-50
|
|
|
|