|
|
Басты бет |
Сайт картасы |
Пресса залы |
Импрессум |
Байланыстар
|
|
|
Кентау қаласының әкімшілігі
Жалпы мағлұматКентау Қаратау жотасының батыс бөлігінде, теңіз деңгейінен 265 метр биіктікте, 120,9 шаршы километр жерді алып жатқан территорияда орналасқан. Ол 1955 жылы тамыз айында қала статусын алған, Қазақстанның 59 шағын қалаларының бірі.
Әкімшілік орталығы - Кентау қаласы
Қала құрамына 3 поселкелік және бір ауылдық әкімшілік кіреді
Кентау қаласының халық саны – 80538 адам
Территориясы 120,9 шаршы километр жерді құрайды
Индустриалды — экономикалық профильТарихқа жүгінер болсақ, алғашында Кентау Оңтүстік Қазақстанның өнеркәсіп орталығы болады деп жоспарланған. Шындығында да қазір солай болып отыр. 50-60-шы жылдары Кентауда көптеп энергетикалық және металлургиялық кәсіпорындар мен машина құрылысы зауыттары салына бастады. 90-шы жылдары Кентау өз басынан қиын тоқырау және кризисті кезеңді өткеріп, алайда оны абыроймен жеңе білді. Бүгінгі таңда Кентау шағын қалалардың қайта тірілуінің үлгісі болып, облыста ғана емес, сонымен қатар Республикамызда да ерекше орын алады.
Қалада машина құрылысы мен кен-байыту өндірі дамыған. Кентау қаласының кәсіпорындарында экскаваторлар, трансформаторлар, трансформаторлық жабдықтар, резинатехникалық өнімдер, полиэтиленді құбырлар, трикотажды өнімдер өндіріліп, жол бұрушы бағыттар қайта-қалпына келтіріледі. Кентау қаласының өнеркәсібін мыналар ұсынады: «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Экскаватор» АҚ, «Южполиметалл» өнеркәсіп корпорациясы» АҚ, жол бұрушы бағыттар зауыты, «Кентауликвидрудник» РМК, «ШалкияЦинк ЛТД» ЖШС, «Эластополимет» ЖАҚ және басқалары.
2005 жылғы жалпы өнімнің өсуі былтырғымен салыстырғанда 107 пайызды құрады. Кентауда шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдау қолға алынғандығын қарусыз көзбен де көруге болады. 2006 жылдың 1-ші қаңтарына дейін Кентауда 1815-ке тарта шағын кәсіпкерлік нысаны тіркелген, үш мыңға жуық адам осы салада жұмыс істейді.
Ерекшеліктер мен көрнекті орындарКентау өзінің қайталанбас көркімен ғана емес, сонымен бірге адамдарының ерекше аурасымен, ашық болуымен және жомарттығымен таң қалдырады. Ол тайғаққа толы бөктері бар, тік құздары бар таудың шыңына көтерілуге ұқсайтын өзінің бай тарихымен қызықты.
2004 жылдың көкек айында Кентау базасында Қаратау табиғат қорығы құрылды. Оның міндеті Батыс Тянь-Шаньның ерекше флорасы мен фаунасын қорғау. Бұл тауларда Қызыл кітапқа енгізілген 350 өсімдік түрінің 78-ін кездестіруге болады. Қаратаудың мақтанышы мен сұлуы Грейг қызғалдағы, Қаратау қызыл талы мен шлемнигі, качма типті аллохруза және өзге де сирек кездесетін эндемикилар.
ӘкімПiрметов Әлiшер Хабибуллаұлы
Әкимат мекен-жайыКентау 487090
Қ.А.Ясауи даңғылы, 87
Телефон: +7 (72536) 3-58-65
Факс: +7 (72536) 3-55-65
|
|
|
|